Қырсық

«Қырсық»

/балаларға арналған эсперименталды қуыршақ қойылымы/

 

Автор: В.Воробьев

Қоюшы-режиссер: Н.Өтеулинова

Қоюшы-суретшісі: Қ.Шалабаева

«Қырсық» ертегісі қызықты әрі таным-тәрбиелік қойылым болып табылады. Әрбір бала әлемді тану  барысында  үлкендердің тілін алмай, барлық  нәрсені  жоққа шығарудың қиын кезеңдерін бастан кешіреді. Аталмыш спектаклде кейіпкер арқылы балаларға қырсық болудың теріс жақтары көрсетіліп, бұл әрекеттің соңы қандай жағдайға апаратыны бүлдіршіндер назарына ұсынылады.

Астары терең тәртіпке, жауапкершілікке шақыратын қойылымда тентек Қырсық пен көжектің сәтсіз әрекеттері кішкентай көрермендерімізді жақсылыққа тәрбиелейді.