Ер төстік

«Ер Төстік»

/ертегі/

 

Автор: Б.Ұзақов

Қоюшы-режиссер: Ф.Канафин

Қоюшы-суретшісі: А.Бисембаева

«Ер Төстік» – қазақ ертегілерінің ішіндегі ең көне әрі батырлық үлгідегі туындылардың бірі. Мұнда қиял-ғажайып, батырлар жыры элементтері, тарихи-мифологиялық кейіпкерлер мен оқиғалар кездеседі.

Қызықты әрі қатерлі оқиғалардан өте отырып, арманына жететін Төстік батыр мен оның жолдастары Көлтауысар, Желаяқ, Шапшаң, Саққұлақ, Шалқұйрық атты кейіпкерлермен өрбитін оқиға кішкентай көрермендерімізді ерекше әсерге бөлейтіні анық.  Аталған кейіпкерлер арқылы өмірде де әрбір қиындықтарды оңтайлы шешуге көмектесіп, жанынан табылатын достардың болуына деген арманға бағытталады.

Халық ертегісінің негізінде сахналанған қойылым жас ұрпақты адал достыққа, отансүйгіштікке, қайырымдылық пен адамгершілікке тәрбиелейді.