«Қос Мұңлық»
/ драма/
Қоюшы-режиссер – Мұрат Ахманов
Қоюшы-суретші – Қарлығаш Шалабаева
«Қос мұңлық» – қазіргі қоғам өмірінің ащы шындығы. Бұл спектакль қазір қоғамды жайлап бара жатқан жағымсыз жағдай – қартайған ата-анасына қайырымсыз болған кесірлі ұрпақтың мінез-құлқын бүкпесіз ашып берген. Өзі өсіріп, ержеткізген, мәпелеп, бауырына басқан балаларының жаман жолға түскенін, әке-шешесіне жылы ұясынан қарттар үйіне қуып, сонда баруға мәжбүрлеу өте аянышты, драмалық тартыста шебер бейнеленген. Қойылымда ата-ана қадірін білмейтін, арақ пен нашаға санасы уланған жастардың дайын олжа, арзан өмірден опық жейтінін де қатты ескертеді. Тікбақай қыз, намыссыз жігіттің санасыз өмірін заман шындығына сай бүкпесіз көрсетіп берген.
Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сарқып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қасірет көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп? Қойылымдағы осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз!