Қазақтың тойы бітпесін

«Қазақтың тойы бетпесін»

/драма /

Автор –  Ж.Әлікен

Қоюшы-режиссері – Д.Базарқұлов.

Қоюшы-суретші – А.Рычкова.

Жарық-қоюшы – А. Макаров.

 

Бұл қойылымда талқыланатын тақырып, өзекті мәселелер көп. Әр көрермен өзі түсіне алатын тақырыпты, өзіне  жақын  өзектілікті таңдап алады. Режиссер  қойылымды ұсына отырып, қазақ жігіттеріне барынша үндеу тастаған.

Әр қазақ қызына өзіміздің қарындасымыз немесе әпкеміз ретінде қарамасақ, ертең талан-таражға салынып, қазақ намысын қорғайтын ұрпақ  қалыптаспауы  мүмкін деген үндеу болды. Қазақ жігіттеріне орнынан тұрып, алға  қарай  қозғалып,  өз  ұлтына  және  өз  болмысына  жанашырлықпен  қарап,  тек  бүгінгі  күн  үшін  емес, болашақтың  қамы  үшін  жанпида  етуді астарлап жеткізген.