Алтын сақа

«Алтын сақа»

/ертегі/

 

Авторы – М.Ақынжанов

Қоюшы-режиссер – М. Әжібеков,

Қоюшы-суретші – Ж.Дүйсенбаев,

Костюм-суретшісі – Қ.Шалабаева.  

 

Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет сахнаға жол тартпақ! Ең алғаш театрда «Алтын сақа» ертегісін 1979  жылы режиссер Мұхтар Қамбаров сахналаған еді. Тура 45 жылдан кейін аталмыш ертегі фэнтези жанрында қайта жаңғырды.

«Алтын сақадағы» баланың бойында классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір  тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер,  әдет-ғұрып барлығы ертегіде көрсетіледі.  

Кішкентай кейіпкердің ерлігінің  арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады. Балаларға  қызықты  ертегі  ақылды болуға тәрбиелеп, батырлық пен батылдыққа шақырады.