Бектемірова Айгерім Берікболқызы

Бектемірова Айгерім Берікболқызы

 Айгерім Берікболқызы – 1985 жылы 19 сәуірде Талдықорған қаласында дүниеге келген.  

2003-2009 жылдары Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында оқып, қаржыгер мамандығын алып шыққан.

Еңбек жолын 2008 жылдан Талдықорған экономика-технологиялық колледжінде оқытушы болып бастаған.

2011-2018 жылдары Алакөл ауданында  бухгалтерлік есепті жүргізумен айналысқан.

2010-2022 жылдары Талдықорған қаласында ИП «Бектемирова» жеке кәсіпкер ретінде кәсібін жүргізді.

2019-2023 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында экономист болып еңбек етті.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жалпы мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 15 жыл.

Қаржы, экономика саласын жетік меңгерген Айгерім Берікболқызының осы жолда жеткен жетістіктері де көп. Ол 2018 жылы «Street Workout KZ» челенджіне қатысқаны үшін Алғыс хатпен,  2021 жылы «Қаламгер Азамат» жас журналистер қоғамдық қорының Алғыс хатымен, 2021 жылы  «Тәуелсіздік ұрпақтары» қоғамдық қорының Алғыс хатымен, 2023 жылы «Bilim orkeniet» Ұлттық инновациялық ғылымдар Алғыс хаты, 2023 жылы «Қазақстан барысын» өткізуге атсалысқаны үшін Алғыс хат, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Алғыс хатымен, 2024 жылы «Қазақстан театрлары қауымдастығының» Алғыс хатымен марапатталды.

 

 

 

 

 


Печать   Электронная почта