Базарқұлов Данияр Жоламанұлы – Көркемдік жетекші

Данияр Жоламанұлы – 1981 жылы 16 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Музыкалық драма театрының актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылдан бастап, Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрында актер болып қызмет атқарған.

2010-2021 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етті.

2018 жылы Т.Ахтанов атындығы Ақтөбе облыстық драма театрында көркемдік жетекші қызметін атқарды.

2020-2021 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына көркемдік жетекші болды. 

Сондай-ақ Түркістан театрының бас режиссері және Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрының режиссері болып қызмет еткен.

Елімізге танымал кәсіби деңгейі биік режиссер, театр және кино актері,  Халықаралық Орта Азия елдері театрлар фестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінің лауреаты.

 

 


Печать   Электронная почта