Тулеуова Ақмарал Тұрсынқызы

Тулеуова Ақмарал Тұрсынқызы

Тулеуова Ақмарал Тұрсынқызы 1979 жылы 22 қаңтарда Алматы облысы, Қаратал ауданы Кәлпе ауылында дүниеге келген. 
1986-1994 жылдары осы ауылдың орта мектебін ойдағыдай бітіріп, 1994-97 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республика эстрада-цирк колледжінде оқыған.
1998 жылы Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының орындаушылық өнер факультетіне түсіп, 2002 жылы бітіріп шықты. Осы өнер ордасында жүргенде О.Бөкей атындағы конкурстың жүлдегері болды.
2002 жылдан бастап Алматы облыстық Б.Римова атындағы драма театрына актриса болып жұмыс істейді.


Сомдаған рольдері:


Б.Римова «Абай-Әйгерім»- Айгерім, Т. Ахтанов«Күтпеген кездесу»- Ғалия, Б.Тоқымтаев «Шынар басындағықоңырау»- Майгуль,Ө.Ахмет «Студенттер»-Әсем, Т.Уильямс «Көгілдір роза»-Аманда,Вампилов «Ментрампаж»-Марина, Х.Нұғманова «Ақылды Ақшақар»-ақшақар, М.Сәрсеке «Тендерге түскен әйел»-Сағила, Н.Өтеулинова «Ильяс»-Көкіш,Д.Рамазан «Керей-Жәнібек»-бәйбіше, С. Балғабаев «Ең жақсы еркек»-Ақкербез сылқым, У.Шекспир «Ромео-Джульетта»- Леди Капулетти,А.Ихсан «Хақ жолы»-Гүлжәмиля, Е.Төлеубай «Алихан»- Елім-ай, М.Әуезов «Айман-Шолпан»-Хадиша, Е.Төлеубай «Құлқынның құлы»-Айгерім, С. Алексиевич «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквиемінде – Солдат,  М.Әезовтың «Абай» трагедиясында – Қарлығаш, Е.Төлеубай «Үзілген тамыр» тарихи драмасында – Әйел, С.Сарыбай «Орақты батыр» тарихи драмасында – Аққозының жеңгесінің және тағыда басқа рольдерді сомдаған.


Печать   Электронная почта