Қожабанова Аян Әлмисақызы

Қожабанова Аян Әлмисақызы

 1969 жылы 10 қарашада Семей облысы, Ұрджар ауданы, 1976 жылы Елтай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке барып, 1987 жылы 10 жылдық мектепті бітірді. 1987 жылы Семей қаласындағы Абай атындағы мәдени ағарту училищесіне түсті. 1989 жылы тәмәмдады. 1990 жылы Ұрджар ауданы, «Коммунизм жолы» колхозында, мәдениет үйінде музыкант болып жұмыс істеді.

1991 жылы Семей облысы Мақаншы аудандық мәдениет үйінде көркемөнер болып жұмыс жасады. Сонымен бірге «Інжу-Маржан» ән-би ансамблінде әнші болды.

1994 жылы өз еркімен жұмыстан шықты. 1994 жылы 23 мамыр айында Талдықорған облыстық драма театрына актриса болып жұмысқа қабылданды.

1998 жылы осы театрда жасалған еңбегі үшін  Қазақстан жастар Одағы «Серпер сыйлығының лауреаты» атағы берілді.

 2013 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды.

Ойнаған рөлдері :М.Әуезовтің «Бәйбіше тоқал» - Дәмеш, И.Ғайыптың «Гүл-Нәр»- Гүл, «Негізгі шаруа» - Сая,  Ш.Құсайновтың «Алдар-Көсе» - Қарашаш, М.Иманғазиновтың «Ілияс» - Фатима, М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатынызшы» - Е.Владимировна, Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағаш» - Әлия,  «Қош бол, Қара ой» -Фатима, А. Кенжебекованың «Абай туралы аңыз» - Керімбала, С.Балғабаевтың «Ғашықсыр ғасыр» - Райхан, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» - Леди Монтекки, С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» комедиясы- Ақкербез, А.Ихсан «Хақ жолы»-Нұржамал Д.Рамазан «Керей-Жәнібек» тарихи драма – Бәйбіше, М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан»- Теңге, Е.Төлеубай «Үзілген тамыр» - Әйел, С.Алексиевич «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквием - Солдат  т.б.   қойылымдардағы басты кейіпкерлерді сомдады.

ді.


Печать   Электронная почта