Аты жоқ жұлдыз

«Аты жоқ жұлдыз»

/лирикалық драма/

 

Авторы – М.Себастьян

Режиссері – Д.Жұмабай

 

М.Себастьянның «Аты жоқ жұлдыз» драмасындағы оқиға дәулетті қоғамның Мона есімді ханымының кішігірім қалашыққа тап болуынан басталады. Ол кездейсоқ қарапайым мұғалім, астрономды кезіктіріп, оның да реңсіз өміріне көрік береді.

Мұғалім Мирою мен Мона бір-бірінің рухани жақындығын сезініп, «ессіз» әрекеттеріне, арман-қиялдарына ынтызар екенін байқайды. Алайда көп ұзамай ауылға қыздың  ескі ғашығы Григ келіп, өзінің дөрекі дәлелдерімен Монаға бұл мекенде орын жоқ екеніне сендіріп, Монаның өзгеріске деген үрейі бастапқы өміріне қайта әкеледі.

 Қойылым жолынан жаңылып кете алмаған жұлдыздың, Мирою мен Монаның махаббат хикаясын көрермен назарына ұсына отырып, адамдардың тірі болса да, өмір сүрмейтіндігін, табиғаттың берген рухани құндылықтарына көңіл бұрмайтын қоғамды сынға алады.