Ең жақсы еркек

«Ең жақсы еркек»

/комедия/

 

Авторы – С.Балғабаев

Қоюшы-режиссері – Б.Ұзақов

Қоюшы-суретші – Қ.Шалабаева

 

Автор пьесада қазіргі қоғамдағы өзекті проблеманы астарлы әзілмен жеткізуге тырысқан. Спектакль көпшілік көрерменге арналған. Жеңіл әрі ойнақы.

Шығарма шынайы өмірде кездесетін кейбір келеңсіз жағдайлардан аулақ  болуға, отбасылық  татулықты жоғалтып алмауға, жас қыздардың өмірде көрсе қызарлықпен  шалыс баспауына үндейді. Қойылым  адамгершілік пен сыйластықты жоғары бағалап,  жастарды жеңіл әрі алдамшы сезімге шатастырмай шынайы махаббатын кездестіріп, өмірде өз орнын табуға жәрдемдеседі.