«Абай»
/ трагедия /
Авторы – М.Әуезов
Қоюшы-режиссері – Қ.Қасымов
Қоюшы-суретші – Қ.Шалабаева.
Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай сахналанған М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы қазақтың кемеңгер ақыны, данышпаны Абайдың қайраткерлік өмірі мен шығармаларының құндылығын айқындап қана қоймай, сол дәуірдегі қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, дау-дамайға, тартысқа толы заманның шынайы бейнесін де шебер суреттейді.
Мұнда Абайдың адамгершілік, ақындық және өз елінің бостандығы жолындағы күресі, Оразбай, Нарымбет, Жиренше, Керім, арасындағы қақтығыстар арқылы туындының мазмұнын аша түседі.