Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы - Директор

Ерлік Тілеуқұлұлы 10 қаңтар 1985 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылында дүниеге келген.

▫️2002-2006 ж. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығын тәмамдаған.

▫️2011-2013 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында «Көрермендерге қызмет көрсету бөлімі» менеджері.
▫️2014-2018 жыл аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Труппа меңгерушісі» қызметін атқарған.
▫️2018-2021 ж. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында «Көркемдік жетекші» қызметінде болды.
▫️2021-2022 ж. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.
▫️2022 жылдан бастап Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры.


Печать   Электронная почта