Қожабеков Аман Төлебайұлы

Қожабеков Аман Төлебайұлы

1945 жылдың 5-ші қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан обылысының Түркістан қаласында дүниеге келген. 1952 жылы М.Мәметова атындағы 8 жылдық мектепте білім алып, оны 1960 жылы тәмәмдап, Кентау құрылыс училищесінде оқи жүріп, Абай атындағы кешкі мектепте дәріс алған.
1975 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қожабеков Аман Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында артисі болып қызмет атқарып келеді. Қарапайым, өзіндік ұстанымы мол Аман Төлебайұлы 43 жыл бойында көптеген орбарздарды шынайы сомдап көрерменнің көңілінен шыға білді. 
А.Қожабековтың еңбегі бағаланып, 2005 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Сомдаған ролдері:
М.Әуезов «Абай» – Әзімхан, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» - Кубик, Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері-Ақтоқты» - Тула, Б.Тоғысбаев «Ақан Сері» - Жиенқұл, Т.Есімжанов «Жолда қалған жолаушы» - Битарап, Қ.Мұқашев «Дала дастаны» - Жабақ, Р.Рахымбеков «Шаған хикаясы» - Қақатұяқ, Ш.Айтматов «Арманым-Әселім» - Аманжолов, М.Иманғазинов «Ілияс» -Маман Тұрысбек, М. Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» комедия – Батыр, Д.Рамазан «Керей-Жәнібек»- Құбаби, М.Иманғазинов, Н.Өтеулинова «Ілияс»- Маман Тұрысбек, С.Сарыбай «Орақты батыр» тарихи драмасы - Ақсақал және т.б рольдерін сомдаған.


Печать   Электронная почта