Құстар фестивалі

«Құстар фестивалі»

/ертегі/

 

Автор: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Өтеулинова

Қоюшы суретші: Қ.Шалабаева

Музыкамен көркемдеуші: М.Құттыбеков

Пьесада аллегориялық яғни құстар арқылы адамзат бейнесін ашу тәсілі қолданылған. Құстар арасында ұйымдастырылған ән байқауына әтеш, қарға, көкқұтан сияқты құстар қатысып, жүлдеге таласады. Қарқылдаған қарға, айдарлы әтеш бас жүлдені иелену үшін неше түрлі құйтырқы әрекеттер жасайды. Бірақ жүлдеге лайық нағыз талант - бұлбұл.

Байқауға қатыстырмау үшін оған қастандық жасалып, қарқылдаған қарға бас жүлдені иеленеді. Міне, осындай әділетсіздік бүгіннің сипаты екені жасырын емес.  

Шығармада қазіргі күнгі актуалды мәселелердің бірі жемқорлық сонымен қатар, күштінің әлсізді жаншуы, әділетсіздік, бәйгелерде шын жүйріктердің емес тамыр-танысы мықтылардың озып тұрғаны әшкереленгенімен де, режиссер Н.Өтеулинованың трактовкасындағы спектакль балаларға арналып қойылғандықтан мұнда ащы мысқыл жоқ. Жеңіл әрі комедиялық сәттерге толы. Қойылым жас бүлдіршіндердің дүинетанымына, қиялы мен ой-өрісіне өте жақын әрі түсінікті етіп жасалған.