Соғыстың сұрқы әйелге жат

«Соғыстың сұрқы әйелге жат»

/реквием /

 

Авторы – С.Алексиевич

Қоюшы-режиссері – Б.Шамбетов

 

            Екінші дүниежүзілік  – Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан  қиып,  толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы  демі  қалғанша  күрескен  ерлердің  қатарында нәзікжанды аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты.             С.Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы,  арман-мақсатының,  күн  сүйген келбетінің «күлге айналғаны» туралы сыр шертеді. Оқиға желісінің тартымды, сюжеті қызықты болғаны сонша  жиналған  көрермен қойылымды бір деммен тамашалады. Спектакль соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетілді.