Қос мұңлық

«Қос Мұңлық»

/ драма/

        

Қоюшы-режиссер – Мұрат Ахманов

Қоюшы-суретші – Қарлығаш Шалабаева

 

«Қос мұңлық» – қа­зір­гі қо­ғам өмірі­нің ащы шындығы. Бұл спектакль қазір қо­ғам­ды жайлап бара жатқан жа­ғымсыз жағдай – қартай­ған ата-анасына қайырым­сыз болған кесірлі ұрпақтың мінез-құлқын бүкпесіз ашып берген. Өзі өсіріп, ержеткізген, мәпелеп, бауырына басқан балаларының жаман жолға түскенін, әке-ше­шесіне жылы ұясынан қарт­тар үйіне қуып, сонда баруға мәж­­­­бүрлеу өте аянышты, дра­­ма­­лық тартыста шебер бей­нелен­ген. Қойылымда ата-ана қадірін білмейтін, арақ  пен нашаға санасы уланған жастардың дайын олжа, арзан өмірден опық жейтінін де қатты ес­кертеді. Тікбақай  қыз, намыссыз жігіттің санасыз өмірін заман шындығына сай бүкпесіз көрсетіп берген.  

Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сарқып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қасірет көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп? Қойылымдағы осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз!