Хақ жолы

«Хақ жолы»

/ әлеуметтік драма/

 

Авторы – А.Ихсан

Қоюшы-режиссері – Б.Ұзақов

Қоюшы-суретші – Қ.Шалабаева.

 

Әлеуметтік драмада бүгінгі күні біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып тұрған теріс діни ағымдар мәселесі көтеріледі. Автор шығармада бір-біріне мүлде қарама-қайшы екі көзқарас арасындағы тартысты басты назарға ала отырып, қарапайым қазақ отбасындағы оқиға арқылы жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетуін көрсетеді. Теріс ағымның тұрмысымызға дендеп еніп, қоғамдық дертке айналып келе жатқандығын өткір сынға алған.

Белгілі драматург А. Ихсанның «Хақ жолы» спектаклі Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы күрес тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі. Қойылымның басты мақсаты – жастарды дұрыс жолдан адастырмай, әрбір аттаған қадамдарына жауапкершілікпен қарауға, азғындықтан аулақ болуға үйрету.