Таптым-ау сені

Таптым-ау сені...

/лирикалық драма/

 

Авторы – Ә.Байбол

Қоюшы-режиссері – Р.Үсен

 

Ғашықтық – ұлы сезім... Ғашық болу бұл сіз бен біздің өміріміздегі ащыны да, тәттіні де сезіне білетін ең ғажайып сәт! Ал, кейбір адамдар осы сәтті өз уақытында бағалай білмейді.

Сіздерді іңкәр сезімнің иелері Бану мен Асқардың қызықты оқиғаларға құралған, жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы махаббат хикаясын тамашалауға шақырамыз! Кеш келген бақыттың әсерлі хикаяларымен бөлісетін осынау шығарма кейіпкерлерінің тағдырларына жазылған өзіндік өмірлік оқиғалары бар...

Әлемдік театр алаңдарында көрерменмен байланыс формасы ретінде тәжірибе жасайтын қойылымдар танымал. Солардың бірі  –  иммерсивті қойылым. Иммерсивті спектакльде дәстүрлі мағынадағы көрермен залы болмайды, демек, көрерменді актердан бөліп тұратын «төртінші қабырға» ұғымы жоқ. Көрермендер сахналанып жатқан қойылымды әртістермен бірге жүріп барынша сезініп, сюжет  линиясын бір локациядан екіншісіне өтіп, тіпті, кей сәтте болып жатқан оқиғаға өзі де әсер ете алады. Бұл көрерменді қойылым әлеміне толығымен тартуға негізделген.