BIKEN

Ереже

Алты күнге созылған өнер бәйгесі өз мәресіне жетті!


Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді. 29 қыркүйек  –  4  қазан аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Қазақстанның түкпір-түкпірінен  және көршілес шет мемлекеттер Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстаннан келген өнер ұжымдарының төл өнерін ортаға салып, көрермен зор ықыласпен тамашалады.

Фестивальдің басты мақсаты – театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайту және халықаралық театр үдерісіне интеграциялау. Қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Ырымқызы Римованы мәңгі есте қалдыру. Эстетикалық деңгейді арттыру және кәсіби қарым-қатынас құру, серіктестік пен бірлескен шығармашылық жобалардың пайда болуына жағдай жасау.

Халықаралық деңгейде жүргізілген фестивальдің ережесі бойынша бекітілген қазылар алқасы лайық көрген театр ұжымдарының өнері төмендегідей бағаланды.  

«Үздік қойылым» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Бернарда Альбаның үйі» қойылымы үшін 1 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Б.Римова атындағы арнайы жүлде» номинациясы бойынша Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры 700 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үздік режиссура» номинациясы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының «Атау-кере» қойылымы үшін Айдын Салбан 400 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының артисі Жанғазы Рысқұл 400 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үздік әйел адам бейнесі» номинациясы бойынша Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы Шынар Қалдыбай 400 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үздік сценография» номинациясы бойынша Алып Арслан атындағы Түркіменстан ұлттық драма театрының суретшісі Мекан Аннамурадов 400 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үздік екінші пландағы ер адам бейнесі»  номинациясы бойынша Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының актері Сағындық Жұмаділ 250 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі» номинациясы бойынша Әзірбайжан мемлекеттік ЮХ театрының актрисасы Гюнеш Мехдизаде 250 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Үміт» номинациясы бойынша Алматы қалалық, «Жаңа ғасыр» театрының актрисасы Мақпал Қасенова 200 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ деңгейінде мерекеленген актрисаның мерейтойына қатысушы өнер ұжымдарын Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы  Алғыс  хатпен марапаттады. ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Сұлтан  Әкімұлы  ұйымның  атынан  бірнеше театр ұжымдарына марапаттарын табыстау, құттықтау сөзін білдірді. Алты күнге созылған фестивальдің нәтижесі осындай. Алдағы уақытта өнер бәйгесін жыл сайын өткізу жоспарлануда. Бұл игі бастама мәдениет пен өнердің арқасында түркі тілдес мемлекеттер арасында достық ынтымақтастықты арттыруға үлкен септігін тигізеді. 


Басып шығару   E-mail